Біздің колледждің мамандықтары
«Лабораториялық диагностика» мамандығы
Біліктілігі: Медициналық зертханашы
9 - сынып базасында - 3 жыл 10 ай
11 - сынып базасында - 2 жыл 10 ай
Зертханалық диагностика - бұл пациентті емдеудегі маңызды буын, сондықтан пациенттің денсаулық жағдайы туралы нақты мәліметтер алуда өте маңызды рөл атқаратын қажетті медициналық мамандықтардың бірі болып табылады. Бұл аурудың сипатын анықтау және дәл диагнозды анықтау үшін негіз. Медициналық зертханаға барлық емдеу мекемелері, соның ішінде клиника және зертханалар, диагностикалық орталықтар, санитарлық-эпидемиологиялық станцияларға тәуелді.
Медициналық зертханашы кәсібі ақыл-ой еңбегінің кәсіптеріне жатады.
Зертханашының негізгі міндеті –дәрігер нұсқауларын орындау. Зертханашы қажетті материалдарды жинап, өңдеп, зертханалық Жабдықтың дұрыстығын қадағалауы, жүргізілетін зерттеулерге байланысты әртүрлі есептеу және графикалық жұмыстарды орындауы, есепке алу-есеп беру медициналық құжаттарын жүргізуі тиіс. Қажет болған жағдайда шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсету. Зертханашының жауапты, ұқыпты, мұқият, бақылаушы болу маңызды, себебі зерттеу нәтижелері мен дәл диагнозды анықтау соған байланысты.
Түлектердің кәсіби қызмет объектілері ересек тұрғындар мен балалар, жан-жануарлар, құстар, микроағзалар, биологиялық сұйықтықтар, тамақ өнімдері, ауа, су, топырақ және т.б. болып табылады.
Түлектердің кәсіби қызмет орындары төмендегілер болып табылады:
- емдеу және емдеу-алдын алу және ветеринарлық мекемелер жанындағы диагностикалық орталықтар, диагностикалық зертханалар;
- жоғары және орта оқу орындары;
- медико-биологиялық және ветеринарлық-биологиялық саладағы ғылыми-зерттеу институттары;
- биотехнологиялық және фармакологиялық саладағы өндірістік кәсіпорындардың бөлімдері мен зертханалары;
- денсаулық сақтау саласының ведомстволық қажеттіліктерге және ұйымдаструшылық-құқықтық нысандарына қарамастан олардың басқарушы құрылымдары.