Біздің колледждің мамандықтары
«Ветеринария» мамандығы
Біліктілігі: Ветеринарлық фельдшер
9 - сынып базасында - 3 жыл 10 ай
11 - сынып базасында - 2 жыл 10 ай
Ветеринарлық фельдшер – барша адамзат пен жануарларға ортақ ауруларды анықтап, емдеу жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Ветеринарлық фельдшердің басты мақсаты жануарларды емдеу және алдын алу шараларын ұйымдастыру, жануар өнімдерін сараптау және азық сапасын қадағалау болып табылады.Ветеринарлық фельдшердің басты міндеттері:
- Диагностика, емдеу және алдын-алу шараларын орындау;
- Азық- түлік және шикізат өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау;
- Ветеринарлық жұмыстарды жоспарлап, ұйымдастыру; жоспарлы жұмыстарда қолайсыз жағдайлар туындаған кезде оптималды шешім қабылдау;
- Жануарлар өнімдеріне сараптау жүргізу;
- Өндірістік орындарда қауіпсізідік ережесімен қамтылу.
Кәсіптік дайындыққа қойылатын талаптар:
Малдәрігерлік фельдшерге келесілерді білуге тиіс: кәсіби саласындағы жануар ауруларын, алдын-алу және емдеудің негізгі нормативтік-құқықтық актілерін және терминологияларын, мал шаруашылығы және ет өнімдерін өндіру технологиясының негіздерін, жануарларды ұстаудың зоогигиеналық және ветеринарлық ережелерін, дәрілік және дезинфекциялық құралдарды және оларды қолдану ережелерін, дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу тәртібін, мал шаруашылығы (құс шаруашылығы) өнімдерін арналған әрекет етуші стандартарды, еңбек қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормалары.
Малдәрігерлік фельдшер келесілерді жасай білуі қажет:
- Алдын-алу, емдеу және ветеринарлық тазалық іс шараларын жүргізу;
- Клиникалық қарау, ауру жануарларға диагноз қоя білу және оларды емдей білу;
- Лабораториялық-зерттеулерге патологиялық материалдарды және пробаларды ала білу;
- Жұқпалы аурулармен ауыратын және қаупі бар жануарларды оқшаулау және карантин енгізу;
- Мал шаруашылығы орынжайлары мен ферма аумағының жағдайларына ветеринарлық - тазалық бақылау жүргізу;
- Жануарларды азықтанатын жерлерінің, жайлауларының, су ішетін құрал -жабдықтар тұратын жерлерінің тазалығы бақылауды жүзеге асыру;
- Есептеме жүргізу, ветеринарлық құжаттаманы рәсімдеу.
Ветеринарлық фельдшерлер білімдері мен дағдыларын ветеринарлық клиникаларда, азық-түлік базарларында, хайуанаттар бағында, ауыл шаруашылық кәсіпорындарында, фермаларда және агроөнеркәсіп кешендерінде пайдалана алады.