Біздің колледждің мамандықтары
«Ортопедиялық стоматология» мамандығы
Біліктілігі: Тіс технигі
9 сынып базасында - 2 жыл 10 ай
11 сынып базасында - 1 жыл 10 ай
Мінсіз күлу – қазіргі таңда әркімнің өзіне мүмкіндік беретін табыстың негізгі кепілінің бірі. Ал осы саладағы білікті мамандар нарықта үнемі талап етіледі. Қазақстан-Ресей медициналық колледжінде ортопедиялық стоматология мамандығында Сізді әртүрлі материалдардан: тіссауыттан, мостиктен, алмалы протезден, имплантанттан тіс протездерін дайындауға сондай-ақ оларды түзетуге үйретеді. Колледж бітіруші – тіс технигі – тісті және бет-жақсүйек аппаратын құрылымдау бойынша білімді өте жақсы меңгереді, тіс протездерін дайындаудың қазіргі технологияларын біледі және ойдағыдай қолданады, протездеу материалдарын құю мен күйдіру аппаратурасын пайдалана біледі, сондай-ақ тіссауыт пен әртүрлі тіс протездерін дайындау техникасын өте жақсы меңгереді.
“Стоматология” және “Ортопедиялық стоматология” мамандықтары қазіргі әлемнің ең талап етілген кәсіптеріне жатады. Бұл қазіргі уақытта жер шарындағы ең кең таралған адам ауруларының қатарына жиі ерте қартаюдан бұрын тіс жоғалуына әкелетін тіс жегісі мен пародонт ауруы болып табылады. Бүгінгі күнде стоматологтар қызметін әлемнің ересек халқының 95-96% пайдаланады, ал протездеу қажеттілігі 60-100% - ға жетеді. Тіс технигі дәрігер стоматологпен бірге жұмыс істейді,одан протездер, коронок дайындауға тапсырыс алады. Модельдерде жұмыс істейді.Тістехникасы мамандығына ортодонт – техник, керамист және түсіруші сияқты әртүрлі мамандықтар бар.
- Техник-ортодонт-тістеуді түзету үшін аппараттар жасайды
- Керамист-металлокерамика дан протездер жасайды
- Тіс жасаушы -алмалы-салмалы жақ маманы.
Тіс технигі жасанды коронкалардың түрлі түрле рін, түрлі көпір тәрізді протез дерді, алмалы-салмалы, бюгельді протездерді, сондай-ақ жақ-бет конструкцияларын жасайды. Тіс технигі біліктілігі бар мамандар емханаларда, медициналық орталықтарда, санаторийлерде, қарттар үйлерінде, жеке стоматологиялық клиникаларда сұранысқа ие. Жиі тіс протездерін жасайтын жеке зертханалар ашады.