Колледж жаңалықтары

Ақпан айының 24 күні Ақтау қаласы әкімдігіне қарасты Қалалық қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен «Интеллект-2020» зияткерлік сайысының алғашқы 1/8 ойыны өтті. «Интеллект-2020» сайысында "Мейірбике" колледжінің атынан "ММК" құрамасы қатысып келесі 1/4 ойынына жолдама алды. Жастарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Сәттілік тілейміз!

Студенттерімізді құттықтаймыз!

Маңғыстау облыстық футбол федерациясы мен Маңғыстау облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен 8-Наурыз "Халықаралық әйелдер" мерекесіне орай, қыздар арасында өткізілген "Футбол" жарысында жүлделі ІІІ~орынға ие болған "Мейірбике" медицина колледжінің қыздар командасы марапатталды.

2020 жылғы 14 ақпан​ күні «Worldskills Aktau» өңірлік чемпионатының колледжішілік кезеңі Мейірбике колледжінде «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша өтіп, CIS автоматтандырылған жүйесінде бағаланды.

Ақпан айының 10 күні Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен «Мейірбике» медициналық колледжінде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары» атты тақырыбы аясында студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында жастарымыз діни экстремизм мен терроризм бойынша өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына толыққанды жауап алып, өз пікірлерін ортаға салды.

Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы Мемлекеттік бағдарлама бойынша жастарға қатысты ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу және волонтерлар корпусына қала жастары арасынан жаңа мүшелерді тарту бойынша "Келешек" @kolledzh_keleshek колледжі және "Мейірбике" @mmk__1976 медициналық колледжінің студенттерімен кездесу өтті. Шараның мақсаты жастардың жеке тұлға болып қалыптасу жолында қоғамдық шараларға белсене қатысуға ықпал жасау және де олардың көмегімен қоғамда көп істі нәтижелі ету. Кездесу соңында орталық мамандары жастарды қаланың іс – шараларына белсене ат салысуға және волонтер болуға шақырды.

Жаңа 2020 жыл құтты болсын!

#Мейірбикеколледжі Барша Қазақ елін Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосылып, біз Сізге алдағы Жылда денсаулықтарыңыз мықты, бақыттарыңыз үстем болып, күш-қуаттарыңыз таусылмасын, қанаттарыңыз талмасын деп тілейміз. Өткенге риза болып, Жаңа Жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа Жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік!


Бүгін Алматы қаласының маңында болған қайғылы оқиға баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Апат кезінде қаза тапқан жандардың туыстарына шын ниетіммен көңіл айтамыз. Зардап шеккен азаматтардың тез сауығып кетуін тілейміз! Алла шипасын берсін! Алла жар болсын!


Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының мәдени демалыс кешені КММ директоры: Д.Е.Сағынтаевтың Алғыс хатымен оқу ордамыздың "Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы" Кенжекен Болат Базарбайұлы марапаталды. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестерден көріне беріңіз!


ҚР-ның Тәуелсіздігіне 28 жыл толуына орай, Желтоқсан айының 12 күні 14 "Мейірбике ісі" топ жетекшісі Болат Базарбайұлының ұйымдастыруымен "Ар намысым қасіретім, мақтанышым Желтоқсан" атты ашық сабағы өтті!


ҚР-ның Тәуелсіздігіне 28 жыл толуына орай, оқу ордамызда тәрбие сағаттары өткізілді! Желтоқсан айының 13 күні 149-233 топ жетекшісі Б.И.Саукелеева және кітапхана меңгерушісі Т.Ш.Савтаева оқытушыларының ұйымдастаруымен "Менің Отаным-Қазақстан" атты ашық сабақтары өтті!


Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес аясында, оқу ордамызда студенттер арасында «Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден» атты тақырыбында Конференция өткізілді. Мақсаты: Студенттерге СПИД жұқпалы ауру екенін түсіндіре отырып, жұқтырмау шараларын айту. Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын - алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру.


Қараша айының 28 күні оқу ордамызда, Маңғыстау облысы ПД ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы: К.Ж.Кылишаева, Ақтау қаласы ПБ ЖПҚБ ӘЗЗҚТ инспекторы: Р.М.Жантуар, Ақтау ҚПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция бөлімі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы: Н.С.Абыл, Ақтау қаласы ПБ ЖПҚ ЮПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты: М.М.Абдуалиевтің қатысуларымен студенттерге «Бақытты отбасы - бақытты ел» атты ұранымен өткізіліп жатқан «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы шеңберінде кездесу өткізіліп, акция туралы ақпараттары бар буклеттер таратылды. Сонымен қатар "Құқықбұзушылық" алдын алу, және Кәмелетке толмаған Жасөспірім арасында болып жатқан келеңсіз оқиғалар ( топтық төбелес, ұрлық, қорқыту т.б) бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында «Мейірбике» медициналық колледжінде студенттер арасында «Қоғамдастықтың маңызды рөлі» ұранымен «АИТВ-ның Қазақстан Республикасындағы және облыстағы эпидемиологиялық ахуалы, АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары» туралы сұрақ жауап отырысы өтті. Іс-шараның мақсаты: жастарды зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтына бағыттау, АИТВ инфекциясы туралы ақпараттану деңгейін арттыру. Және де қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді. Студенттер арасында өз еркімен қан тапсырғандар болды, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.


Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығы облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен колледж студенттер арасында «Біз — салауатты өмір салтын қолдаймыз!» атты байқау ұйымдастырылды! Сол байқауда оқу ордамыздың жастары #ІІ_орын иеленді.

Студенттер күні құтты болсын!

Жастар жылы аясында, 17-қараша "Студенттер күні" мерекесіне орай, Мейірбике колледжінің ЖІЖК~нің ұйымдастыруымен мерекелік іс~шара және #Аяулыкүз_Алтынкүз байқауы өткізілді. Мерекелік шара барысында: І~курс студенттерге студенттік билет тапсырылды, сонымен қатар, белсенді қоғамдық іс~шараларға қатысып жүрген студенттерге және Ата~аналарына #Алғыс_хат берілді!


Қазан айының 15 күні оқу ордамызда Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының медбикесі: Б.А.Аяпова, ОПДО Психиатры Р.К.Тажиева, Дін басқармасы: Б.Шопанова, Мұнайлы ауданының имамы Айдос имам қатысуларымен студенттерге "Тәні саудың жаны сау" атты тақырыбында семинар өткізілді. Мақсаты: Әрбір адамның психикалық денсаулығын нығайту, тұрақты эмоционалды алдын ала ойлаумен гармониялық тұлғаны құрастыру.


Қазан айының 18 күні оқу ордамызда Маңғыстау облысы "Дін істері басқармасы" Ақпараттандыру және қоғаммен байланыстыру бөлімі студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді "Дін және рухани құндылықтың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі" тақырыбында өткен кездесуде «Ақ жол-жастар» жастар қанатының жанынан құрылған «Ақ жол» жастар театрының әуесқой әртістері, драматург, ұстаз Өтен Аxметтің «Ананың ақ сүті» атты қойылымын саxналады.


Бүгін #147 "ЕІ" топ студенттері топ жетекшісі Нұртаева Қарлығаш Нұртайқызының жетекшілігімен колледж аумағына #сенбілік жұмыстарын жүргізді!


Бүгін #146 "ЕІ" топ студенттері колледж аумағына #сенбілік жұмыстарын жүргізді!


Қазан айының 7 күні #Мейірбике Жастар Ісі комитетінің мүшелері, 1~қазан "Қарттар күніне" орай 35шағын ауданында орналасқан "Оралмандар үйіне" барып мерекелік шара өткізді!


05.10.2020. #144"МІ" топ студенттері Болат Базарбайұлының жетекшілігімен колледж аумағына #сенбілік жұмыстарын жүргізді!


Қазан айының 1 күні оқу ордамызда Ақтау ҚПБ ЖПБ ЮПБ полиция аға лейтенанты, колледж инспекторы, Жалгасов Ербол қатысуымен І-курс студенттерімен кездесті. Кездесу барысында, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің баптарымен таныстырды! Сонымен қатар қоғамдық орындарда темекі, насыбай бұйымдарын тұтынуға тыйым салынатынын; Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз, түнгі уақытта ойын-сауық орталықтарында жүрмеуге болмайтынын айтты!

Ұстаздар Мерекелеріңізбен!

"Мейірбике" колледжі Ұстаздар қауымын "Ұстаздар" күнімен шын жүректен құттықтайды! Сіздердің бала көңілдеріңіз студенттің жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.

Сайын Назарбекұлы ағамызбен кездесу

Қыркүйек айының 27 күні оқу ордамызда Cәулетші, ақын, Қазақстан сәулетшілер одағының және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайын Назарбекұлымен кездесу өтті.

Студентімізді жеңісімен құттықтаймыз!

Бүгінгі күннің басты жаңалығы! Ақтөбе қаласында өткен Республикалық Ұлттық спорт Жекпе-жек V фестивальіне оқу ордамыздың IV курс студентті: Ашетов Шыңғысхан қатысып, 2~орынға ие болды! Студентімізді Ұжым атынан шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестерден көрін! Жеңісің құтты болсын!


Қыркүйек айының 20 күні Ағылшын тілі және Орыс тілі пәнінің оқытушылары Б.И.Саукелеева Ш.Е.Нуралина 22~қыркүйек "Тілдер" күні мерекесіне орай "Ашық тәрбие" сағаттарын өткізді.!

студентімізді жеңісімен құттықтаймыз!

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған қалалық "Сазды әуен - сырлы әуез" атты ән-күй байқауында 144 "Мейіргер ісі" топ студенті Гайсина Әсел Инжелқызы І-орынға ие болды! Студентімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Колледж директорын туған күнімен құттықтаймыз!

Құрметті Сағымбаев Әлімжан Үсенұлы Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында келер жылы «Волонтёрлар жылы» деп жариялануына орай, Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған "Волонтерлар корпусы" оқу ордамызда студенттерге ақпараттық – насихаттау жұмыстарын жүргізді!

Деңсаулық фестивалі

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 14 күні колледжіміздің студенттері "Деңсаулық Фестиваліне" қатысты

«Бірге таза қала – Қазастан» атты сенбілік жұмыс

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 14 күні Ақтау қаласы әкімдігіне қарасты, Қалалық қоғамдық даму орталығының және " Nur Otan" партиясы АҚФ жанынан құрылған ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен, «Ақтау қаласының 56 жылдығына» орай Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза кала» акциясы аясында «Бірге таза қала – Қазастан» атты сенбілік жұмыстары өткізілді. Сенбілік жұмыстарына "Мейірбике" колледжінің студенттері белсене қатысты!

сыбайлас жемқорлық агентігінен Семинар сабақ ӨТТІ

Оқу ордамызда Қыркүйек айының 2~күні Маңғыстау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық агентігінің штаб бөлім басшысы Ю.Резниченко қатысуымен "Адалдық" сағаты "Парасаттылық" тақырыбында семинар өткізілді.

2019-2020 оқу жылы басталуымен!

Облысымыздағы ең алғашқы медициналық білім ордасы "Мейірбике" колледжі баршаңызды 1~Қыркүйек "Білім" күнімен құттықтайды! Бүгін атаулы мерекеге орай оқу ордамызда колледж табалдырығын аттаған жас түлектерге арналған мерекелік шара өткізілді! Үкілеген үмітпен келген жастарға, жоғары курсқа аттаған шәкірттерімізге, ұсаздарымызға, жас мамандарымызға білім байлығын тілейміз!