Біздің колледждің мамандықтары
«Гигиена және эпидемиология» мамандығы
Біліктілігі: Гигиенист-эпидемиолог
11 сынып базасында - 2 жыл 10 ай
Гигиенист – эпидемиологтың кәсіби қызметінің объектісіне:
- Санитариялық – эпидемиологиялық қадағалау мекемелері, СЭС;
- Орталықтары, дезинфекциялық станциялары;
- Салауатты өмір салтын насихаттау орталықтары;
- Обаға қарсы күресу және дезинфекциялық бейіндегі өндірістік кәсіпорындар жатады;
Гигиенист – эпидемиологтың кәсіби қызметінің түрлері бойынша:
- Дәрігердің басқаруымен және бақылауымен мемлекеттік санитариялық бақылау эпидемияға қарсы, алдын алу, дезинфекциялық шаралар және лабораториялық зерттеулер жүргізеді;
- Бактериологиялық зерттеуге сынама алады, сүртпе даярлайды және зерттелетін материалдарға алғашқы егу жүргізіледі;
- Тағам өнімдерінен және басқа қоршаған орта объектілерінен лабораториялық зерттеуге және гигиеналық сараптама жүргізуге сынамалар алады;
- Қоршаған орта объектілеріне аспаптық және лабораториялық зерттеулер жүргізу әдістерін қолданады;
- Тағам және өндірістік кәсіпорындарға, балабақша мен мектептерге, коммуналдық нысандарға, емдеу – алдын алу мекемелеріне ағымдық санитариялық бақылау жүргізеді;
- Эпидемиологиялық қадағалауды іске асырады және инфекциялық аурушаңдыққа талдау жасайды;
- Жұқпалы аурулардың ошақтарында тексеру жүргізеді;
- Дезинфекция, стерилизация, дезинсекция және дератизацияның барлық түрлерін ұйымдастырады және жүргізеді;
- ҚР – ң реестріне сәйкес қазіргі кездегі дезинфектанттарды, дезинсекция және дератизация жабдықтарын қолданады;
- Өндірістік мекемелерде аурушаңдыққа талдау жүргізеді және еңбек жағдайын жақсарту шараларын әзірлеуді жүзеге асырады өткізуді (дәрігермен бірлесіп);
- Өткізуді алдын ала жоспарлауды, ұйымдастыру және иммунопрофилактика медициналық құжаттарының дұрыс жүргізілуін бақылайды;
- Халықтың әртүрлі топтарының тамақ рационына баға береді;
- Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу шараларын жүргізеді және бақылайды;
- Емдеу – алдын алу мекемелерінде (перзентхана, хирургия бөлімшелерінде және т.б) эпидемияға қарсы тәртіптің орындалуына бақылау жүргізед;
- Қоршаған ортаның гелминттермен ластануына тексеру жүргізеді;
- Апат, аса қауіпті және карантиндік инфекциялардың ошақтарында санитария – гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырады және жүргізеді;
- Халық арасында санитариялық – ағарту жұмыстарын жүргізеді;
- Халықты гигиенаға үйрету және тәрбиелеу, салауатты өмірсалтын насихаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.