Біздің колледждің мамандықтары

«Фармация» мамандығы

Біліктілігі: Фармацевт
11 сынып базасында - 2 жыл 10 ай

Фармацевт - бұл технологиялық процестің ерекшеліктерін ескере отырып, дәрілік түрлерді дайындау және оларды халыққа және емдеу-алдын алу мекемелеріне жіберу, сондай-ақ дайын дәрілік түрлер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды босату жөніндегі маман.
Фармацевтің міндетіне халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, дәрілік препараттарға және медициналық мақсаттағы бұйымдарға сұранысты айқындау, сол немесе өзге дәрілік препараттарға қажеттілікті айқындау және дәрілік заттардың қорын толықтыруды жүзеге асыру кіреді. Фармацевт дәрілік препараттарды олардың құрамы бойынша, оларды дайындау және өндіру технологиясы бойынша, науқасты емдеу барысында аурудың алдын алу мақсатында ілеспе және жанама әсерлерді білуі тиіс. Сондай-ақ ол өсімдік препараттары мен дәрілік шөптер, олардың әсер етуші заттары мен қолдану принциптерін білуі тиіс.
Фармацевт фармацевтикалық іс негіздерін білуі тиіс. Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру принциптері және экономика негіздері. Фармацевтикалық қызмет бойынша құжаттарды ресімдеу. Фармацевт дәрі-дәрмектерді сатумен айналысатын дәріханаларда, көтерме фирмаларда, дәрілік препараттарды өндіретін зауыттар мен фабрикаларда жұмыс істейді.
Фармацевт келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:
  • ұйымдастыру-басқарушылық (дәріханалардың рецептісіз босату бөлімінің, дәріханалық пункт және дүңгіршектердің жұмысын ұйымдастыру);
  • өндірістік (дәрілік заттарды дәріханада дайындау, эталонды, титрленген ерітінділерді, реактивтерді дайындау, химиялық ыдыстармен, өлшеуіш құрал-жабдықтармен жұмыс істеу, фармацевтикалық талдау, дәрілік өсімдіктер шикізаттарын макро және микроскопиялық тауарлық талдау, рецептісіз босатылатын дәрілік заттарды көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы сатып өткізу жұмыстарын орындау);
Фармацевт жоғары фармацевтикалық білімді фармацевт мамандардың бақылауымен келесі ұйымдарда жұмыс істей алады:
  • түрлі меншіктегі фармацевтикалық ұйым және кәсіпорындарда (дәріханалар, фармацевтикалық көтерме және бөлшек сауда фирмалары, дәріханалық пункттер және дүңгіршектер);
  • дәрілердің сапасын бақылау, дәрілерді стандарттау, сертификаттау зертханаларында және басқа да химиялық, биохимиялық зертханаларда.