
Сағымбаев Әлімжан Үсенұлы
"Мейірбике" колледжі" ЖШС директоры
Дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты
Жоғары санатты оқытушы
қоғам қайраткері
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстан Стратегиясы – 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси курсы» атты Қазақстан Халқына Жолдауында «кәсіптік-техникалық білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет» деп анық көрсетті. Қазақстандық білім беру жүйесінде оқу үдерісінің тәжірибелік жағына және білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне көңіл бөліп, теория мен практиканы ұштастыра отырып кәсіби білім беру жүзеге асырылуда.
Тәуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды. Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі.
1976 жылы Шевченко филиалы Гурьев медициналық медбикелер даярлау училище болып ашылды. Медбикелердің бірінші түлектері 1978 жылы бітірді. 1992 жылы облыстық медициналық мектебінің Ақтау филиалы 786 мамандарды мынадай біліктілік: Ассистент медбике, акушер-фельдшер, фельдшер: дайындап шығарды.1996 жылы облыстық медициналық колледжі «Mейірбикe» Ақтау филиалының негізінде 1997 қайта құрылды. Колледждің директоры Сағымбаев Әлімжан Үсенұлы- дәрігер, медицина ғылымының кандидаты, жоғары санатты оқытушы. 1997 жылдан бастап жеке медициналық «Мейірбике» колледжінің директоры болып табылады. Колледж 2016 жылдан бастап жаңа төрт этажды ғимаратқа көшті. Ғимарат 36 кабинет және 4 зертханадан тұрады.