Біздің колледждің мамандықтары

«Емдеу ісі» мамандығы

Біліктілігі: акушер
11 - сынып базасында - 2 жыл 10 ай

        «Акушер» біліктілігі бар бітірушілердің кәсіби қызметінің түрлері:

  • жүкті әйелдерге, жас босанған әйелдерге, жаңа босанған әйелдерге, түрлі бейіндегі акушерлік және гинекологиялық бөлімдердегі, перинаталдық орталықтардағы және ана мен баланы қорғау орталықтарындағы, әйел консультацияларындағы, диагностикалық қосалқы қызметтер мен стационарлық және емхана типті медициналық ұйымдар бөлімдеріндегі гинекологиялық аурумен ауратындарға емдеу-диагностикалық көмек көрсету;
  • асқынбаған босану кезінде өз бетімен, ал босану, босанудан кейінгі патология кезінде акушер - гинеколог дәрігермен бірге медициналық көмек көрсету;
  • қызметінің бейіні бойынша қатты аурулар және қайғылы оқиғалар кезінде дәрігерге дейінгі жедел медициналық көмек көрсету;
  • бөлімдегі (әйелдер консультациясында, кабинетте) санитарлық - гигиеналық және санитарлық - эпидемиологиялық тәртіптерді сақтау;
  • тиісті бөлімге арналған белгіленген медициналық құжаттарды рәсімдеу;
  • эпидемияның шұғыл жағдайларында, жаппай зақымдану ошақтарында халыққа медициналық көмек көрсету;
  • гинекологиялық ауруларды анықтау мақсатында әйелдерді профилактикалық тексеру (дәрігермен бірге немесе өз бетімен);
  • емделушінің өмір сүру жағдайы мен сипатын есепке ала отырып, емделушінің, отбасының, қоғамның денсаулығы үшін қауіпті физикалық, психикалық, әлеуметтік және мәдени факторларды анықтау;
  • контрацепцияның, қалаусыз жүктілікті алдын алудың, оның ішінде жасөспірімдер арасында, және жыныстық жолмен берілетін ауруларды алдын алудың заманауи әдістерін енгізу туралы шаралар өткізу;
  • акушерлік-гинекологиялық бейіндегі медициналық ұйымдардың құрылымдық бөлімдерінде емделушілер мен медициналық қызметкерлерді инфекциялық бақылау және инфекциялық қауіпсіздік жүйелерін жүзеге асыру.